Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 9 қазанда Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 17 қарашаға Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Есіл-Нұра» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 4 учаскелік сайлау комиссиялары, 33 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Тасты ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 5088 адамды құрайды.

2024 жылдың 10 қазаннан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2024 жылдың 22 қазандағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды.

3 кандидат өзін-өзі ұсынды.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 22 қазанда сағат 18:00-де аяқталды.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес үміткерлерді тіркеу 2024 жылдың 27 қазанына дейін сағат 18-00-ге дейін жалғасады.

 

Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат
Дата публикации
24 октября 2024