Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округі және Ыбырай Алтынсарин, Қаражар, Қажымұқан ауылдары әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 15 қыркүйекте Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округі және Ыбырай Алтынсарин, Қаражар, Қажымұқан ауылдары әкімінің сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округі және Ыбырай Алтынсарин, Қаражар, Қажымұқан әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Софиевка сайлау округі

Софиевка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1257 азамат енгізілді, олардың 826-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «Бәріне қарсы» жолында белгісі бар - 28.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жунусова С.М. – 59; Сугиралиев Б.Д.– 704; Тлеужан С.Т. – 63.        

1993 жылы туған, Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округінің әкімі Бекзат Даулетұлы Сугиралиев болып сайланды. Софиевка ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді, Целиноград ауданы Қоянды ауылында тұрады, «Аманат» партиясы арқылы ұсынылған.

 

Ыбырай Алтынсарин сайлау округі

Ыбырай Алтынсарин ауылының әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 434 азамат енгізілді, олардың 326-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Бәріне қарсы» жолында белгісі бар - 2.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кинтонова А.М.– 23 Накупов Г.К. - 274; Рахимбекова Х.Д.– 25.

Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылының әкімі Накупов Гомар Қозыұлы болып сайланды. 1991 жылы туған, ММ «Талапкер ауылдық округі» әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді, Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округінде тұрады, Өзін-өзі ұсынған.

 

Қаражар сайлау округі

Қаражар ауылының әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 653 азамат енгізілді, олардың 261-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «Бәріне қарсы» жолында белгісі бар - 0.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аубакирова Р.К.– 1 Алимжанова Б.К.- 0; Буланбаев А.Т.– 34; Жеңіс Д.Қ. – 108; Ташматов Н.А. – 114.

Целиноград ауданы Қаражар ауылының әкімі Ташматов Нұрдаулет Әділұлы болып сайланды. 1994 жылы туған, ММ «Қараөткел ауылдық округі» әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді, Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округінде тұрады, Өзін-өзі ұсынған.

 

Қажымұқан сайлау округі

Қажымұқан ауылының әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 727 азамат енгізілді, олардың 419-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, «Бәріне қарсы» жолында белгісі бар - 1.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абенов А.Е.– 363; Нурмагамбетова Л.О. -  44.

Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының әкімі Абенов Алпамыс Еділұлы болып сайланды. 1985 жылы туған, референт ОО «AMANAT партиясы», болып ұмыс істейді, Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында тұрады, Өзін-өзі ұсынған.

 

                                     

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы

        

 

 

 

Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округі және Ыбырай Алтынсарин, Қаражар, Қажымұқан ауылдары әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
16 сентября 2024