«Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер.

     

    1. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ) аудандағы дене шынықтыру және спорт саласына басшылықты қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
    2. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    4. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    5. Егер «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болып шығуға құқығы бар.
    6. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
    7. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 құрылыс. Индексі 021800.
    9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
    10. Осы Ереже «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
    11. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметтін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
    12. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

     

    1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері.
    2. Негізгі міндеттері:

    1) Әкімшіліктік – аумақтық бірлікке сәйкес бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту.

    2)  Спорттық резервтерді дайындауда, аудандық спорттық мектептердің жұмыстарын үйлестіру.

    3) Спорт  түрлері   бойынша  аудандық  деңгейдегі  жарыстарды  ұйымдастыру.

    4) Әр түрлі облыстық спорт жарыстарына қатысуға аудандық құрама командаларын дайындау.

    5) Дене шынықтыру және спорт өрісінде мемлекеттік саясатты жүргізеді.

    6) Ауданда дене шынықтыру және спорт бағдарламасын қалыптастырады.

    7) Аудандық,  облыстық,  Республикалық  деңгейдегі   спартакиадаларға, ауқымды  шараларға қатысады.

    1. Функциялары:

    1) Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  мемлекеттік қызметтер көрсету.

    2) Аудандық жалпы–спорттық күнтізбелік жұмыс жоспарын әзірлеу, бекіту және жүзеге асыру.

    3) Әкімшіліктік - аумақтық  бірлікке  сәйкес  спорттық ұйымдардың қызметін үйлестіру.

    4) Әкімшіліктік-аумақтық бірлікке сәйкес спорттық іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру.

    1. Осы Ережеде көрсетілген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ құқылы:

    1) Атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан, мекемелерден кәсіпорындардан мемлекеттік мекемеге жүктелген қызметті атқаруға арналған құжаттарды талап етуге.

    2) Отырыстарға, аудан активінің жиналысына, аудандық іс-шараларға қатысуға.

    3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқада өкілетті атқару.

    16.Мемлекеттік мекеме міндетті:

    1) Мемлекетіміздің егемендігін нығайту және қорғау, конституциялық қатарды, азаматтардың бостандығы мен құқығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің саясатын өмірге еңгізу.

    2) Қазақстан   Республикасының   Конституциясын,    Қазақстан  Республикасының Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерін, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс аудан әкімдерінің және мемлекеттік мекемелердің басшылырының шешімдері мен бұйрықтарын жұмыста қатаң қолдану және орындау.

    3) Мемлекеттік органдарда кез келген жемқорлықтың пайда болуына қарсылық білдіру және алдын алу.

     

    1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері.
    2. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшылығы бірінші басшысымен жүзеге асырылады және де ол «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты.
    3. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
    4. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бірінші басшысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады.
    5. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бірінші басшысының өкілеттігі:

    1)  Бөлім  қызметіне басшылықты дара басшылық негізінде жүзеге асырады.

    2)  Бөлім қызметкерлерін  қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

    3)     Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

    4)  Лауазымдық  нұсқаулықтарға  және  осы Ережеге сәйкес бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді жүзеге асырады.

    5)   Мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен қарым-қатынаста бөлім мүддесін білдіреді, азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады және қоғамдық бірлестіктермен келісім рәсімдерін өткізуді ұйымдастырады.

    6)  Өз құзыреті шегінде бөлімнің  барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар мен тапсырмалар береді.

    7)     Бөлімнің істер номенклатурасын бекітеді.

    8)  Бөлім  жұмысының  негізгі бағыттары бойынша жоспарлар мен                   іс-шараларды бекітеді.

    9)    Қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  бөлім  қызметкерлеріне  тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді.

    10) Қызметкерлер санының белгіленген лимиті және еңбекақы қоры шегінде бөлімнің штат кестесін бекітеді.

    11)  Бөлім ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады.

    12) Бөлімде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.

    «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

     

    1. Мемлекеттік органның мүлігі.
    2. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

     

    1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
    2. «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

     

     

     

     

«Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
05 сентября 2024