«Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан аумағында кәсіпкерлікті, өнеркәсіп салаларын, қызмет көрсету саласын, сауда мен туризмді дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 құрылыс. Индексі 021800.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2 тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Целиноград ауданының аумағында кәсіпкерлікті, өнеркәсіп салаларын, қызмет көрсету саласын, сауда мен туризмді дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыру.
  2. Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік, салалық және орта мерзімді даму жоспарларын іске асыруға қатысу;

2) Ақмола облысы Целиноград ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуының өңірлік бағдарламаларын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

3) өңірлік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін бюджеттен тыс қаражат тарту;

4) кәсіпкерліктің, өнеркәсіптің, қызмет көрсету саласының, сауда мен туризмнің, сыртқы экономикалық байланыстардың жай-күйін талдау және дамуын болжау;

5)   шаруашылық жүргізуші субъектілермен неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында басқару жүйесін жетілдіру;

6)   бөлшек тауар айналымының көлемін жүйелі талдау.

  1. Функциялары:

1) кәсіпкерлікті, өнеркәсіп салаларын, қызмет көрсету саласын, сауда мен туризмді экономикалық және әлеуметтік дамытуға жәрдемдесу;

2) ауданның өнімділігін тиімді пайдалану мақсатында өнеркәсіп, кәсіпкерлік, қызмет көрсету және сауда, туризм салаларын дамыту стратегиясын қалыптастыруға, басым салаларды анықтауға және қолдауға қатысу;

3) өнеркәсіптің басым салаларын қолдауға бағытталған өңірлік индустриялық және инвестициялық саясатты, кәсіпкерлікті, қызмет көрсету, сауда және туризм салаларын қалыптастыруға қатысу;

4) өнеркәсіп ұйымдарында, кәсіпкерлік құрылымдарда жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді енгізуге және дамытуға жәрдемдесу;

5)   облыстың өнеркәсібі мен бөлім тәжірибесіне жаңа технологиялар тартуға жәрдемдесу;

6)  озық ғылыми әзірлемелерді пайдалануды және жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін инновациялық құрылымдарды құруға жәрдемдесу;

7) Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасымен және кәсіпкерлер палатасының Целиноград аудандық филиалымен және өзге де қоғамдық ұйымдармен жарғылық міндеттерін іске асыруға қолдау көрсету мақсатында өзара іс-қимыл жасау;

8) Ақмола облысы Целиноград ауданының халықаралық презентациялық қызметіне қатысу;

9) ғылыми - практикалық конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, конкурстарды, халықаралық тұсаукесерлерді, бизнес - кездесулерді, экономикалық миссияларды дайындауға және өткізуге қатысу;

10) тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің ақпараттық өзара                            іс-қимылына, тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер үшін ақпараттық жинақтарды шығару және таратуға жәрдемдесу;

11) өңірлік және республикалық конкурстар шеңберінде тауар өндірушілерге шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және үздік тауарларды, көрсетілетін қызметтерді және озық технологияларды анықтауға жәрдемдесу;

12) халық кәсіпшілігі мен қолөнерін дамытуға жәрдемдесу;

13) бағдарламалар мен жобаларды орындау үшін бюджеттен тыс материалдық ресурстарды тартуға қатысу;

14) экономика салаларында басқарушы кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жәрдемдесу;

15) инновациялық әлеуеті бар ғылыми әзірлемелерді іске асыруға жәрдемдесу;

16) ғылыми - техникалық және инновациялық қызметті ынталандыру, ауданның зияткерлік және ғылыми - техникалық әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық ортаны қалыптастыруға қатысу;

17) ішкі тұтыну нарығын тауарлармен және қызметтермен қалыптастыруға және толықтыруға жәрдемдесу;

18) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;

19) өңіраралық байланыстардың тиімді құрылымын қалыптастыруға қатысу;

20) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

     21) шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылатын технопарктер, лизингтік орталықтар, шағын инновациялық қызмет орталықтары мен басқа да инфрақұрылым объектілері желісін құру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

         22) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды, өндірістік үй-жайларды және өзге де мүлікті жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қолдау және дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

    23) сауда мәселелерінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге, кәсіпкерлерге, жеке тұлғаларға ақпараттық қызметтер көрсетуге жәрдемдесу;

24) тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бөлігінде аудандық ірі өнеркәсіптік жобаларында қазақстандық қамтуды арттыруға жәрдемдесу;

25) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру;

26) бөлімде гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті іс-шараларды жүзеге асыру.

27) туризм және сауда саласындағы өңірлік саясатты қалыптастыруға қатысу;

28) уәкілетті органмен келісім бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;

29) аудан аумағында туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;

30) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған, сондай-ақ оған аудан әкімдігі жүктеген өзге де функцияларды орындауды жүзеге асырады;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге де атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, ұйымдармен және мекемелермен өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

2) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ нұсқаулық, семинарлар мен кеңестер өткізу;

3) ауданның атқарушы органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мекемелер мен ұйымдардан өз функцияларын жүзеге асыру үшін бөлімге қажетті статистикалық және есептік деректер мен басқа да материалдар мен мәліметтерді сұрату және белгіленген тәртіппен алу;

4) белгіленген тәртіпте бөлімнің құзыретіне кіретін ауданның әлеуметтік - экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу;

5) бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің қызметі туралы ақпарат беру;

6) белгіленген тәртіппен аудан әкіміне бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаулылар, шешімдер мен өкімдердің жобаларын енгізу;

7) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, басқа да шаруашылық субъектілерінде бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің мүддесін білдіру;

8)  өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етуге;

9) аудан әкімдігі алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп беру.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты бірінші басшысы жүзеге асырады «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады.
  4. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіне басшылықты дара басшылық негізінде жүзеге асырады;

2) «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

4) лауазымдық нұсқаулықтарға және осы Ережеге сәйкес Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді жүзеге асырады;

5)  мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен қарым-қатынаста Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлім мүддесін білдіреді, азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады және қоғамдық бірлестіктермен келісім рәсімдерін өткізуді ұйымдастырады;

6) өз құзыреті шегінде Целиноград ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар мен тапсырмалар береді;

7) «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің істер номенклатурасын бекітеді;

8) «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысының негізгі бағыттары бойынша жоспарлар мен                          іс-шараларды бекітеді;

9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;

10) қызметкерлер санының белгіленген лимиті және еңбекақы қоры шегінде «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі штат кестесін бекітеді;

11) «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

12) «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.

«Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

«Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлік оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
05 сентября 2024