«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) жер қатынастарын реттеу саласындағы атқару қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ведомстволары жоқ.
  4. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері мен өзге де нормативті-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» «мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  6. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  7. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  8. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  9. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  10. Бөлімнің заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылдық округі, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34.
  11. Мемлекеттік органның толық атауы: «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  12. Осы Ереже «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
  13. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асырылады.
  14. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
    функциялары, құқықтары мен міндеттері
  2. Миссия:

 

Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері мен өзге де нормативті-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  1. Міндеттері:

1) жер областық ресурстар басқармасында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жер қатынастарын реттеу;

2)  жер туралы заңдарды, аудандық сайланған және атқарушы органдардың міндеттеріне сай қабылданған шешімдерін орындау;

3)  жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды, жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

4) жер мониторингін және мемлекеттік жер кадастрасын өткізуді ұйымдастыру;

5)  жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерін қорғау; 

6) мемлекеттік мекеме құзыретіне жататын жер қатынастарын реттеу саласындағы өзге де мәселелерді Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндеттерді орындау;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

 

  1. Функциялары:

  

1)  аудандық жергілікті таныстырушы және атқарушы органдармен реттелген жер қатынастарына, жерді қорғауға және пайдалануға, жер реформасына байланысты мәселелерді шешеді;

2) жер заңдарының қолданылу тәжірибесін қорытындылай, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлейді;

3) жерді қорғау мен пайдалану мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға,  сызбалар  мен  жобаларға сай сараптамалар  мен        жұмыстарды жүргізеді;

4) аудандағы  жер  қатынастарының жағдайы туралы мәліметтер банкін жинақтау мен құруды жүзеге асырады;

5)  жерді бекітуді  ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады;

6)  аудандардың балансын құру;

7)  аудандағы жер учаскелерін жалға беру құқығы мен жер учаскелерін сату бойынша (байқаулар, аукциондар)  саудалар өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

8) пайдаланылмаған жерлер мен заңды бұзып пайдаланған жерлерді айқындайды;

9)  жер заңнамаларын бұзуды жоюға шаралар қолданады;

10)  жер алған адамдарға жер учаскелерін сатып алу және жалға беру шарттарын рәсімдеуді жүзеге асырады;

11)  жерді пайдалану үшін түскен түсімнің көлемі мен уақытында қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

12)  жер учаскелерін беру бойынша заңды тұлғалар мен азаматтардың шағымдарын қарауды жүзеге асырады;

13)  жер учаскелерін беру бойынша комиссияда қарауға мәліметтерді әзірлеуді жүзеге асырады;

14)  жер беру жобасы мен дәлелденген қарсылықтар туралы аудан әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлеуді жүзеге асырады;

15)  мұнай мен газды өңдеу құрылыс нысандарын, магистральдық  трубаөткізгіштердің тығындарын бекіту және қарау үшін берілген жер учаскелерін үнемді пайдалану мақсатында қажетті құжаттар топтамаларын дайындау жұмысын ұйымдастырады;

16)  жер учаскелерінің бөліну-бөлінбеуін айқындайды;

17)  мемлекет нақты жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) жеке меншікке сатқанда, жерді пайдалануға бергенде олардың құнын анықтайды;

18)  жерге орналастыру құжаттарын бекітеді;

19)  жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

20)  жер қатынастары  құқығы  бойынша заңды тұлғалар мен азаматтарға үндеу жолдайды және шағымдарын қарайды;

21)  қарастырылған заңнама құзыретінде мемлекет қажеттілігі үшін жерді алу жұмыстарын жүзеге асырады;

22) ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге аудару бойынша рұқсат беру;

23) иесіз жер телімдерін анықтау және ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жеткізу және оларды есепке алу;

24) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

25) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру;

26) елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

27) жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау;

28) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын келісу және беру

        

  1. Құқықтары мен міндеттері:

 

1)   жер қатынастары  саласындағы  өз қызметінің артықшылықтары  мен  стратегиясын дамыту мақсатында аудан әкімдігіне ұсыныс жасауға;

2)  жергілікті орындаушы органдар мен басқа да ұйымдардан жерді қорғау мен пайдалану мәселелері жөнінде тиісті мерзімде ақпарат алуға және сұрауға;

3) аудандық орындаушы орган атынан сотта мемлекет мүддесі үшін даушы болып сөз сөйлеуге;

4) Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы заңнамаларына  сәйкес,  бөлімнің қызметтік тұлғасы кәсіпорындар, ұйымдар мен өзге де  жеке меншік болып есептелетін жер учаскесіндегі жерді пайдаланушы  субъектілерге еш кедергісіз қатысуға, қызметтік куәлігін көрсетуге;

5)  Қазақстан  Республикасы  заңдарына белгіленген өзге де  құқықтарды  жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру.

 

  1. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке Целиноград ауданының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімділік танытпай-ақ жұмыс істейді;

2) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін қорғайды;

3) белгіленген заңнамаға сәйкес, қандай жағдайда болмасын мүліктерді пайдалана алады;

4) келісім шарт жасасады;

5) сенімхат береді;

6) мемлекеттік мекеменің жоспары мен тәртібін бекітеді;

7) барлық қызметкерлерге орындау үшін бұйрық береді және бұйрық шығарады;

8) мемлекеттік мекемедегі қызметкерлерге көтермеақы тағайындайды және береді;

9) мемлекеттік мекеме қызметіне өкілетті міндеттер жүктейді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамалары мен осы Ережеде жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

  «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

            

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.     
  2. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
  3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

  1.   Мемлекеттік  мекеменің  қызметін  қайта  ұйымдастыру  және тоқтату   тәртібі

 

  1. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
05 сентября 2024