024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған 
республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы     Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес және «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды  әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Аумақтық референдум комиссиялары республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Қосымша....

 

 

 

Төраға

Н. Әбдіров

Хатшы


М. Ерман

 

 

Астана қаласы

2024 жылғы 3 қыркүйек

№ 38/42



Дата публикации
03 сентября 2024