«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 7 тамызда Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 15 қыркүйекке Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Софиевка ауылдық округі, Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин және Қаражар ауылдарының әкімінің сайлауын тағайындады.
Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Есіл-Нұра» газетінде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 4 учаскелік сайлау комиссиялары, 28 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Софиевка ауылдық округі, Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин және Қаражар ауылдары бойынша сайлаушылар саны 3071 адамды құрайды.
2024 жылдың 8 тамыздан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2024 жылдың 20 тамыздағы жағдай бойынша 15 кандидат ұсынылды, оның ішінде 13 кандидат сәйкестіктен өтті, екі кандидат сәйкестіктен өтпеді.
12 кандидат өзін-өзі ұсынды, 1 кандидат - «АМАNАТ» партиясынан ұсынылды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 20 тамызда сағат 18:00-де аяқталды.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес үміткерлерді тіркеу 2024 жылдың 25 тамызда дейін сағат 18-00-ге дейін жалғасады.
Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы