«Целиноград ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Целиноград ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 5 шешіміне толықтырулар енгізу туралы ЖОБА

«Целиноград ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Целиноград ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 маусымдағы

№ 5 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

 

 

Целиноград ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Целиноград ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Целиноград ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23297 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

62, 63 - жолдармен толықтырылсын:

 «

 

62.

№ 797 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Линейная көшесі, 1А, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Целиноград ауданының Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Целиноград ауданының Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің уақытша ұстау изоляторы.

63.

№ 800 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, есептік тоқсан 019, құрылыс 606, «44813 әскери бөлім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекарасы: «44813 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесі.

 

».

     
  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

«Целиноград ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Целиноград ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 5 шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешім жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
11 июля 2024