Целиноград ауданы Тасты ауылдық округінің әкіміне кандидатты тіркеудің күшін жою туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 11-тармағының 8-тармақшасына және «Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің 2024 жылғы 4 шілдедегі хаты негізінде Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Тасты ауылдық округінің әкіміне кандидатты Дулатов Нұрлан Серікқазыұлының тіркелуі тоқтатылсын.

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 июля 2024