2024 жылғы 16 маусымда Целиноград ауданы Арайлы ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Целиноград ауданы Арайлы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Арайлы сайлау округі
Арайлы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1990 азамат енгізілді, олардың 533-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 34, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 3.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айтимбетов З.К. – 371; Жилкибаев М.Т. – 123; Кинтонова А.М. – 2.
1981 жылы туған, Целиноград ауданы Арайлы ауылдық округінің әкімі Зейнулла Кенесович Айтимбетов Арайлы ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Целиноград ауданы Төнкеріс ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 17 маусымдағы шешіммен 2024 жылғы 16 маусымда сайланған Целиноград ауданы Арайлы ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы