Целиноград ауданының Арайлы ауылдық округіндегі Арайлы ауылы, Ынтымақ ауылы, Төңкеріс ауылы, Қосшоқы станциясы, Жайнақ станциясы елді-мекендерінің шекарасын (шегін) орнату туралы ЖОБА

Целиноград ауданының Арайлы ауылдық округіндегі Арайлы ауылы, Ынтымақ ауылы, Төңкеріс ауылы, Қосшоқы станциясы, Жайнақ станциясы елді-мекендерінің шекарасын (шегін) орнату туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 2330,2 гектар жер Целиноград ауданының, Арайлы ауылдық округі, Арайлы ауылының шекарасы (шегі) болып орнатылсын.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 772,48 гектар жер Целиноград ауданының, Арайлы ауылдық округі, Ынтымақ ауылының шекарасы (шегі) болып орнатылсын.
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 1669,4 гектар жері 3 - қосымшасына сәйкес Целиноград ауданының, Арайлы ауылдық округі, Төңкеріс ауылының шекарасы (шегі) болып орнатылсын.
  4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 1457,7 гектар жері 4 - қосымшасына сәйкес Целиноград ауданының, Арайлы ауылдық округі, Қосшоқы станциясы шекарасы (шегі) болып орнатылсын.
  5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 5 - қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 442,9 гектар жері 5 - қосымшасына сәйкес Целиноград ауданының, Арайлы ауылдық округі, Жайнақ станциясының шекарасы (шегі) болып орнатылсын.
  6. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
  7. Осы бірлескен қаулы мен шешім Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының Арайлы ауылдық округіндегі Арайлы ауылы, Ынтымақ ауылы, Төңкеріс ауылы, Қосшоқы станциясы, Жайнақ станциясы елді-мекендерінің шекарасын (шегін) орнату туралы
Дата публикации
24 мая 2024