2024 жылғы 5 мамырда Целиноград ауданы Қызылсуат ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының Целиноград ауданы Қызылсуат ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қызылсуат сайлау округі
Қызылсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1280 азамат енгізілді, олардың 764-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 19.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдикаликова Ә.Ж. – 34;
Алтаев М.Қ. – 22;
Сәлменов О.Қ. – 671.
1963 жылы туған, Целиноград ауданы Қызылсуат ауылдық округінің әкімі Оразбай Құбашұлы Сәлменов Қызылсуат ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.