ЖОБА Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жоба

Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

 

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117«Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы»  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ЖОБА Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
28 февраля 2024