Жоба
Кала маңындағы маршруттарда қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Целиноград ауданында маршруттарда азаматтардың жекелеген санаттарының жол жүруіне ақы төлеу бойынша жеңілдіктер белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - тегін жол жүру;
1.2) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мугедектігі бар азаматтың жұбайына (зайыбына), сондай – ақ екiншi рет некеге тұрмаған Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының жұбайына (зайыбына) - тегін жол жүру;
1.3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – тегін жол жүру;
1.4) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға – тегін жол жүру;
1.5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – тегін жол жүру;
1.6) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға – тегін жол жүру;
1.7) көп балалы аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға – тегін жол жүру;
1.8) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – тегін жол жүру;
Аудан әкімі Б. Оспанбеков
Целиноград аудандык
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева