Жоба Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімі

Жоба

 

Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімі

 

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жоба Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімі
Дата публикации
17 января 2024