Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау қорытындылары туралы хабарламасы.
Целиноград аудандық аумақтық жаңа сайлау комиссиясын құру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Құрылған сайлау комиссиясы Целиноград ауданында сайлауды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органы болып табылады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Сайлау комиссиясының жаңа құрамына бес саяси партия және екі қоғамдық бірлестіктің ұсыныстары бойынша комиссиясының 7 мүшесі сайланды.
Сайлау комиссиясының бірінші отырысында сайлау туралы Конституциялық заңының 10-бабы және 20-бабтарының 2-тармағымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде аудандық аумақтық сайлау комиссияның төрағасы, орынбасары және хатшысы сайланды.
Целиноград ауданының тұрғындарына сайлау комиссияның жаңа құрамын сайлау туралы мәслихаттың шешімі және олардың орналасқан жері туралы хабардар етеміз.
«Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы кезектен тыс 16-ші сессиясының №113/16-8 шешімі
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Маулиев Кайрат Маулиевич, төрағаның орынбасары - Аманжолова Жайнагуль Сергеевна, хатшы – Айткужина Асель Алпамысовна, комиссия мүшелері: Алимбаев Кайрат Адилханович, Рақымбек Аятолла Жұмақанұлы, Хусаинова Гульзана Орынбаевна, Шамренов Айбек Канатбекович.
Орналасқан жері: 021800, Ақмол ауылы, Учетный квартал 011, құрылыс 1177 «Целиноград Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ғимараты, телефон 8 (71651) 30-006.
Целиноград аудандық мәслихаты