«Кезекті бекіту туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № А-3/185 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Кезекті бекіту туралы»

Целиноград ауданы әкімдігінің

2021 жылғы 9 маусымдағы № А-3/185

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» «Агроөнеркәсіптік кешенді және  ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген,  ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы Ережесіне сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 маусымдағы №А-3/185 «Кезекті бекіту туралы»  қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1,2-қосымшалары осы қаулының 1,2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Е. К. Жиенбековке жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Аудан әкімі                                                                                Б. Оспанбеков                                

«Кезекті бекіту туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № А-3/185 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
03 января 2024