ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР- ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР- ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

 

Аудан аумағы 7,7 мың шаршы км. құрайды. Халық саны (2026 жылғы 1 қыркүйек) – 91 мың 088 адамды құрайды. Аудан құрамына 49 ауылдық елді мекен кіреді.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 55 млрд. 611,1 млн. теңге, бұл 2025 жылға салыстырғанда 116,6% құрады. Өнеркәсіп өнімінің НКИ – 106,8%.

Өсім «Capital Projects LTD» ЖШС өндірістік қызметінің жобалық қуатына шығумен және «Родина» АФ» ЖШС сүт өндіру көлемінің ұлғаюымен байланысты.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіші – 138,0% (3 063,6  млн. теңге) құрады;

Өңдеу өнеркәсібінде – 103,8% (41 856,3 млн. теңге) құрады;

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауға көрсеткіш – 117,0% (9 574,0 млн.теңге) құрады. 

КӘСІПКЕРЛІК

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының саны – 4 933 субъектіні немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады.

Ауданда ШОБ өсуі жеңілдетілген онлайн-тіркеуді, жеңілдікті кредиттер беруді және кәсіпкерлерді кешенді сүйемелдеуді қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларына байланысты.

Оның ішінде жеке кәсіпкерлер - 3 598 бірлік, шаруа қожалықтары – 482 бірлік, шағын және орта кәсіпкерлік - 853 бірлік.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауданның мамандануы - астық өндірісі, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.

Аудан Ақмола облысының Ауыл шаруашылығын дамытудың үлкен әлеуеті бар негізгі астық егетін аудандарының бірі болып табылады, сондықтан ең маңызды және жетекші сала ауыл шаруашылығы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің төмендеуі байқалады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 64 млрд. 039,8 млн. теңгені немесе 2025 жылға қарағанда 104,2% құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 91,5% құрады. Бұл ретте өсімдік шаруашылығы өнімінің НКИ – 71,9%, мал шаруашылығының НКИ -107,9% құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің төмендеуінің негізгі себебі өсімдік шаруашылығы өнімдері көлемінің қысқаруы болып табылады. Өсімдік шаруашылығы көрсеткіштерінің төмендеуі 2026 жылдың жаз мезгілінде қалыптасқан қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты. Ұзаққа созылған аптап ыстық пен жауын-шашын мөлшерінің жеткіліксіз болуы ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйіне кері әсерін тигізіп, олардың өнімділігінің айтарлықтай төмендеуіне алып келді.

2026 жылғы 1 қазандағы жедел деректер бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 221 мың гектар алқапта немесе жинауға жататын жалпы алаңның 100% жиналды. Орташа өнімділік 10,2 ц / га құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 6,9 ц/га төмен (13,9 ц/га).

Қаңтар- қыркүйек айларында өндіріс өсті:

- мал мен құс еті 5,2%-ға (23 887,6 тонна);

- сиыр сүті 9,4%-ға  (49 574,6 тонна);

- тауық жұмыртқалары 4,5%-ға  (1 926,0 мың дана).

Мал шаруашылығында өсім байқалды:

- Ірі қара мал – 107,1% (37 933 бас);

- сиыр – 100,8% (15 205 бас);

- қой - 106,9% (32 612 бас);

- жылқы – 112,9% (22 276 бас);

- түйе – 176,0% (44 бас);

Ешкі санының төмендеуі – 87,6% (3 059 бас), құс – 93,4% (1 233 051 бас).

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Аудан экономикасын дамытуға 48 107,1 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 63,9% инвестиция салынды.

оның ішінде қаржыландыру көздері бойынша:

республикалық бюджет есебінен – 8 593,7 млн. теңге (2025 жылы 28 760,7 млн млн теңге);

жергілікті бюджет есебінен – 4 669,2 млн. теңге (2025 жылы 12 071,5 млн теңге);

кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 27 937,5 млн. теңге (2025 жылы 21 888,6 млн теңге);

банктердің кредиттері – 330,1 млн теңге (2025 жылы 150,9 млн теңге);

басқа қарыз қаражаты - 6 576,6 млн. теңге (2025жылы 6 040,4 млн теңге).

ҚҰРЫЛЫС, ОНЫҢ ІШІНДЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Құрылыс жұмыстарының көлемі 22 601,5 млн.теңге, нақты көлем индексі – 56,4%-ы құрады.

111 752 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді, нақты көлем индексі 122,1% құрайды.

Көрсеткіштің өсуі объектілердің пайдалануға берілуіне байланысты. Пайдалануға берілген пәтерлер саны 845 бірлікке дейін өсті, оның ішінде 552 жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) және 293 пәтер көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде (ЖТҚ), өткен жылдың ұқсас кезеңінде 606 бірлікке қарсы, оның ішінде 578 ЖТҚ бірлігі және ЖТҚ-да 28 пәтер.

САУДА

Бөлшек тауар айналымының көлемі 15 060,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 108,3% құрады. Бөлшек тауар айналымының НКИ – 97%.

Көтерме сауда көлемі – 35 333,3  млн. теңге, НКИ – 102,5% құрады.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

БІЛІМ

Мектепке дейінгі ұйымдардың саны – 70 бірлік. Оның ішінде 7 шағын орталық,  64  балабақша бар.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 100%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды – 83,1% құрайды.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Ресми жұмыссыздық деңгейі 0,7% құрады (2025 жылы – 1,3%).

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша – 2 413 адам өтініш білдірді (2025 жылы – 1 231 адам), оның ішінде 1 411 адам жұмысқа орналастырылды (2025 жылы – 1 231 адам).

Жұмыссыздар саны – 610 адам (2025 жылы – 900 адам).

Орташа айлық жалақы 107,3% - ға өсіп, 35 мың 259 теңгені құрады.

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР- ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Дата публикации
21 декабря 2023