Целиноград ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Целиноград ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.