Шешім жобасы
Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 463/69-6 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының "бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 463/69-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8249 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
20,21-тармақтардағы "Мәншүк" деген сөзді "Мәншүк Мәметова" деген сөзбен ауыстырылсын;
26,27-тармақтардағы "Приречное" деген сөзді "Ақжар" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 4 тармағының 2 қосымшасында :
20,21 тармақшаларында "Мәншүк" деген сөзді "Мәншүк Мәметова" деген сөзбен ауыстырылсын;
26,27 тармақшаларында "Приречное" деген сөзді "Ақжар" деген сөзбен ауыстырылсын;
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.