Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № А-3/442 «Целиноград ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы ЖОБА

Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № А-3/442 «Целиноград ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № А-3/44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26474 тіркелген) «Целиноград ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданының әкімінің орынбасары Е.К. Жиенбековке жүктелсін.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № А-3/442 «Целиноград ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына түсіндірме жазба
Дата публикации
23 октября 2023