2023 жылғы 13 қыркүйектегі № А-9/248 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы

2023 жылғы 13 қыркүйектегі № А-9/248 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер

учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты

жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы

 

Қазақстан Республикасының жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 246/36-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Қоянды ауылының Бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоянды ауылдық округі, Қоянды ауылы Кенесары көшесі 28 жер телімінде орналасқан Жахамай Бидайдан кадастрлық нөмірі 01-011-069-3922, жалпы ауданы 0,1000 гектар  жер учаскесінің ішіндегі  0,0304 га жолды жобалау және салу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеу жүргізсін;

2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушысына пошта арқылы  алдым деген міндетті түрде ескерту хабарламасымен, жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту жіберілсін;

3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.

3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу   орны   Ақмол   ауылы,   Наурыз   көшесі, 34   «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.

4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары С. Б Оспановқа жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.

 

 

Целиноград ауданының әкімі                                                          Б. Оспанбеков

Дата публикации
14 сентября 2023