Жоба
Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы
№ 13/2-7 «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтер өтемақысы әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидалары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295 НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.