2023 жылғы 13 тамызда Мәншүк Мәметова ауылында әкімінің сайлауы өтті. Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 - бабының 9) тармақшасына, 44 -бабының 2 - тармағына, 45 - бабына, 113 - 10 - бабына сәйкес Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Мәншүк Мәметова ауылының әкімінің сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 428 азамат енгізілді, олардың 392 қатысты. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны – 4, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 19.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ермуханбетов Сарсенкелды Кушекович – 23
Игібай Жаслан Қайдуұлы – 25
Фарзалиев Тимур Сайяфұлы – 321
Мәншүк Мәметова ауылының әкімі болып Фарзалиев Тимур Сайяфұлы сайланды, 1982 жылы туған, «Ақмола облысының полиция департаменті Қосшы қаласының жергілікті полиция қызметінің бастығы, Ақмола облысы Қосшы қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы.