«Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі, Қабанбай батыр ауылдық округі, Қараөткел ауылдық округі, Қоянды ауылы, Жарлыкөл ауылдық округі, Тасты ауылдық округі, Арайлы ауылдық округі, Жаңаесіл ауылдық округі, Родина ауылдық округі, Приречный ауылдық округі, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі, Софиевка ауылдық округі, Талапкер ауылдық округі, Шалқар ауылдық округі, Мәншүк ауылы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын бекіту туралы» Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 43/5-8 шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің тақырыбында:
«Приречный ауылдық округі» деген сөздер «Ақжар ауылдық округі» сөздермен ауыстырылсын;
«Мәншүк ауылы» деген сөздер «Мәншүк Мәметова» сөздермен ауыстырылсын;
«Оразақ ауылдық округі» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
«Приречный ауылдық округі» деген сөздер «Ақжар ауылдық округі» сөздермен ауыстырылсын;
«Мәншүк ауылы» деген сөздер «Мәншүк Мәметова» сөздермен ауыстырылсын;
«Оразақ ауылдық округі», «16-қосымша» деген сөздермен толықтырылсын;
10-қосымшада:
«Приречный ауылдық округі» деген сөздер «Ақжар ауылдық округі» сөздермен ауыстырылсын;
«Приречное ауылы» деген сөздер «Ақжар ауылы» сөздермен ауыстырылсын;
15-қосымшада:
«Мәншүк ауылы» деген сөздер «Мәншүк Мәметова ауылы» сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес 16-қосымшамен толықтырылсын.