"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Целиноград ауданы Мәншүк ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеуге шешім қабылдады:
- өзін-өзі ұсыну жолымен - Қосшы қаласында тұратын Фарзалиев Тимур Сейяфович, Ақмола облысы ПД полиция бөлімінің Қосшы қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы;
- өзін-өзі ұсыну жолымен - Жақсы ауданы Кийма ауылында тұратын Игібай Жаслан Қайдуұлы, жұмыс істемейді;
- өзін-өзі ұсыну жолымен - Целиноград ауданының Тасты ауылында тұратын Ермұханбетов Сәрсенкелді Көшекұлы, "Тасты ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.