Целиноград ауданы Мәншүк ауылдық әкімін сайлау жөніндегі
сайлау округінің шекарасын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 13-бабының 4 тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4 тармағына 22-бабына, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 05 шілдеде № 60 Целиноград ауданы Мәншүк ауылы әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы" қаулысына сәйкес, Мәншүк ауылының шекарасында ауыл әкімдерінің сайлау бойынша сайлау округінің құрылғаны туралы хабарлаймыз.
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, тел. 8-71651-30-006
Төрайымы - Аманжолова Жайнагуль Сергеевна;
Төрайымының орынбасары- Тасбулатов Асылбек Сайранұлы;
Хатшы- Хусаинова Гүлзана Орынбайқызы;
Комиссия мүшелері - Әлімбаев Қайрат Әділханұлы, Шамренов Айбек Қанатбекұлы, Рақымбек Аятолла Жұмақанұлы, Айткужина Әсел Алпамысқызы
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы