Мерзімінен бұрын өкілеттіктерін аяқтаған әкімнің орнына Мәншүк ауылның әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Мерзімінен бұрын  өкілеттіктерін аяқтаған әкімнің орнына

Мәншүк ауылның әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 113-1 бабтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған Мәншүк ауылдық әкімінің сайлауы 2023 жылдың 13 тамызда тағайындалсын.

2. Осы қаулыда көрсетілген қосымшаға сәйкес 2023 жылдың 13 тамызда тағайындалған Мәншүк ауылдық әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу туралы негізгі іс–шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3. «Есіл- Нұра» - «Вестник Акмола» аудандық газеті мен Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  интернет парақшасында осы қаулы жариялансын.

 

 

Сайлау комиссиясының  

төрайымының орынбасары                                                              А. Тасбулатов

 

Сайлау комиссиясының  

хатшысы                                                                                         Г. Хусаинова

 

Дата публикации
05 июля 2023