Целиноград ауданы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі 2023 жылға арналған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін анықтау туралы ҚАУЛЫ

Целиноград ауданы бойынша көтерме жәрдемақы және

тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі

2023 жылға арналған денсаулық сақтау, бiлiм беру,

әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт,

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар,

 кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының

 мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа

 ие мамандықтардың тізбесін анықтау туралы

 

 

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» «Агроөнеркәсіптік кешенді және  ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген,  ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік  қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы Ережесіне сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Целиноград ауданы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі 2023 жылға арналған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт,  агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер,  ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

2. «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралар қолдансын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Е. К. Жиенбековке жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Целиноград ауданының әкімі                                                 Б. Оспанбеков

Целиноград ауданы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі 2023 жылға арналған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін анықтау туралы
Дата публикации
06 июня 2023