ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 4 маусым Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 - бабының 9) тармақшасына, 44 -бабының 2 - тармағына, 45 - бабына, 113 - 10 - бабына сәйкес Целиноград ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5307 азамат енгізілді, олардың 677 қатысты. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны – 25, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 11.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дауылтаев Талаптан Каршыгиевич – 458
Каханов Саят Магаульевич – 140
Кинтонова Асель Маратовна – 6
Темирханов Куаныш Сансызбаевич - 37
Қараөткел ауылдық округінің әкімі болып Дауылтаев Талаптан Каршыгиевич сайланды, 1976 жылы туған, «Мейірім» медециналық кеңес беру орталығының бас атқарушы директоры, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы.