VII шақырылған Целиноград аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

VII шақырылған Целиноград аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

 

2021 жылғы 10 қаңтарда Целиноград аудандық мәслихаты депутаттарының бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 46048 азамат енгізіліп, оның 34184-і немесе 74,24 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 33421 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру ұзақтығы үй-жайынан тыс 491 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы - 26660 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 81,33 пайызы;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 4102 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 12,51 пайызы;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 1239 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 3,78 пайызы;

«АDAL» саяси партиясы - 779 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1,92 пайызы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы - 13 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 2 мандат.

 

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

VII шақырылған Целиноград аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
22 мая 2023