Жоба
Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы
№ 444/67-6 «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 қазандағы № 444/67-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8122 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7 тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындау үшін өтініш бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) тексеру актісінің негізінде, учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша көрсетіледі:
7) санаторлық-курорттық емделуге бір рет Қазақстан Республикасының шегінде шығындарды өтеу, мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – жан басына шаққандағы орташа табысын есептемегенде, санаторлық-курорттық емделуге шығындарды100 % өтеу;
мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 – бабында айқындалған еңбек ардагерлеріне- жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, алатын зейнетақы мөлшерінің 25 % төлей отырып;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына)- жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, алатын зейнетақы мөлшерінің 25 % төлей отырып;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) - жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, алатын зейнетақы мөлшерінің 25 % төлей отырып;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына – жан басына шаққандағы орташа табысын есептемегенде, алатын зейнетақы мөлшерінің 25 % төлей отырып;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға – жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, алатын зейнетақы мөлшерінің 25 % төлей отырып;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне– жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.