2023 жылғы 04 маусымға Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша және Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезекті сайлауын тағайындау туралы Хабарлама

2023 жылғы 04 маусымға Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша және Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезекті сайлауын тағайындау туралы

Хабарлама

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына, "Целиноград ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлауды тағайындау туралы" Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 54 қаулысына сәйкес 2023 жылғы 04 маусымға Родина ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша және Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімнің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезекті сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.

Бұдан басқа Целиноград ауданы Родина ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары және Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататын сайлау бекітілді, ол Целиноград ауданы әкімдігінің интернет-бетінде орналастырылған.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 апреля 2023