Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдері қолданылудан алынуына байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп «Ен-Дала» ЖШС-ның иелігінен шығаруын бастау туралы ҚАУЛЫ

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер

телімдері қолданылудан алынуына

байланысты жер телімдерін

мәжбүрлеп «Ен-Дала» ЖШС-ның

иелігінен шығаруын бастау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округіндегі Талапкер ауылы шекарасында орналасқан ауданы 5,0289 гектар, мұсылмандар зиратын орналастыру және қызмет көрсету үшін мемлекеттік қажеттілікке жер телімін мәжбүрлеп «Ен-Дала» ЖШС иелігінен шығару 01-011-068-5038 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен жүргізілсін.

2. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес, заңды түрде жер телімдерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге мемлекеттік тіркеу жүргізсін.

2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік үш күн мерзім ішінде, пошта арқылы жіберілгені туралы хабарландыру алыну арқылы, жер учаскелерінің иесіне немесе жер пайдаланушысына жер телімдерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту мен қосымша мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін қолданыстан алынуына байланысты сатып алу келісім – шартының жобасын алуы жөнінде міндетті ескертілсін.

3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдері қолданудан алынуына байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.

3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.

4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдері қолданудан алынуына байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары С.Б. Оспановқа жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.

 

 

Целиноград ауданының әкімі                                                         Б. Оспанбеков

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдері қолданылудан алынуына байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп «Ен-Дала» ЖШС-ның иелігінен шығаруын бастау туралы ҚАУЛЫ
Дата публикации
06 апреля 2023