Целиноград аудандық мәслихатының депутаттары және аудан тұрғындарының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес 2023 жылдың 30 наурызында сағат 09.00-де Ақмол ауылында жаңадан сайланған сегізінші шақырылымдағы Целиноград аудандық мәслихатының бірінші сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына: «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы округтік сайлау комиссиясының есебі» және т.б. сұрақтар қойылады.
Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Ж.С. Аманжолова