Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округінің шекарасын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 13-бабының 4 тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4 тармағына 22-бабына, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының "Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы" 2023 жылғы 15 наурыздағы № 48 қаулысына сәйкес, Нұресіл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы" - Нұресіл ауылдық округі шекарасындағы Нұресіл сайлау округі, сондай-ақ Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамын хабарлаймыз.
Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі - Нұресіл ауылдық округінің шекарасындағы Нұресіл сайлау округі.
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, тел. 8-71651-30-006
Төрайымы - Аманжолова Жайнагуль Сергеевна;
Төрайымының орынбасары- Тасбулатов Асылбек Сайранұлы;
Хатшы- Хусаинова Гүлзана Орынбайқызы;
Комиссия мүшелері - Әлімбаев Қайрат Әділханұлы, Шамренов Айбек Қанатбекұлы, Рақымбек Аятолла Жұмақанұлы, Айткужина Әсел Алпамысқызы
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы