Целиноград ауданының Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауын
2023 жылғы 23 сәуірге тағайындау туралы
хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына, сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 наурыздағы № 48 «Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындау туралы» қаулысына сәйкес 2023 жылдың 23 сәуіріне Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.
Сонымен қатар, Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу туралы негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілген, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдігінің интернет-парақшасында орналастырылды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы