Целиноград ауданының Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы 2023 жылғы 15 наурыздағы № 49 Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Целиноград ауданының

Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауы

бойынша сайлау округін құру туралы

 

2023 жылғы 15 наурыздағы № 49

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Целиноград ауданының Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша - Нұресіл ауылдық округі шекарасында Нұресіл сайлау округі құрылсын.

2. Сайлау округінің шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және ««Есіл- Нұра» - «Вестник Акмола» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау комиссиясының

төрайымы                                                                                        Ж. Аманжолова

 

Сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                          Г. Хусаинова

 

Дата публикации
18 марта 2023