Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған
Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
ҚАУЛЫСЫ
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 113-1 бабтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылдың 23 сәуірге тағайындалсын.
2. Осы қаулыда көрсетілген қосымшаға сәйкес 2023 жылдың 23 сәуірге тағайындалған Нұресіл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу туралы негізгі іс–шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. «Есіл- Нұра» - «Вестник Акмола» аудандық газеті мен Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет парақшасында осы қаулы жариялансын.
Сайлау комиссиясының
төрайымы Ж. Аманжолова
Сайлау комиссиясының
хатшысы Г. Хусаинова