Проект
Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 13/2-7 «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы
№ 13/2-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8363 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
- Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептейді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
- Жергілікті жылуы бар қатты отынды тұтынуға өтемақы нормалары жылу беру маусымына отбасыға (азаматқа) өтініш берген тоқсанда алып жатқан көлеміне байланысты 5 (бес) тонна мөлшерінде белгіленеді. Статистика органдарының деректеріне сәйкес, көмірдің құны өткен тоқсанда қалыптаскан орташа баға қабылданады.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.