Целиноград аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың № 9 бірмандатты сайлау округі бойынша тіркелгені туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мен қойылатын сәйкестігін белгілеу негізінде келіп түскен құжаттарды қарап, Целиноград аудандық маслихатқа депутаттарды сайлау жөніндегі № 9 округтік сайлау комиссиясы шешті:
1. Целиноград аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып № 9 бірмандатты сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсынуы арқылы, 1974 жылы дүниеге келген, Қоянды ауылынын тұрғыны, сантехника шебері, Азнабаев Руслан Шабденұлы.
2. Целиноград аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып № 9 бірмандатты сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсынуы арқылы, 1973 жылы дүниеге келген, Қоянды ауылының тұрғыны, № 1 Орта мектебінің директорының тәрбие жөніңдегі орынбасары, Арейхан Берденбек тіркелсін.
3. Целиноград аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып № 9 бірмандатты сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсынуы арқылы, 1980 жылы дүниеге келген, Қоянды ауылының тұрғыны, «Ай-Көркем» балабақшасының меңгерушісі, Кубеева Райхан Шырынбекқызы тіркелсін.
Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 9 округтік сайлау комиссиясы
2023 жылғы 16 ақпан