Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2022 жылғы қызмет туралы есептерге ашық талқылауды өткізу туралы

Мемлекеттік қызмет көрсету

саласындағы 2022 жылғы

қызмет туралы есептерге

ашық талқылауды өткізу

туралы

 

 

«Мемлекеттер қызметтер көрсету туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2022 жылғы қызмет жөніндегі есептерге ашық талқылау өткізілсін.

2. Ауылдар мен ауылдық округ әкімдері мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2022 жылғы қызмет жөніндегі есептерге ашық талқылауды өткізу бойынша ұйымдастырушылық шаралар өткізілсін.

3. Дербес бөлім басшылары, ауылдар мен ауылдық округ әкімдеріне:

1) 2023 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2022 жылғы қызмет туралы есепті орналастырсын және көрсетілген есептің орналастырылғаны жөнінде халыққа хабарласын;

2) 2023 жылғы 30 наурызға дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2022 жылғы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды өткізсін;

3) 2023 жылғы 7 сәуірге дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2022 жылғы қызмет туралы есептерді ашық талқылау нәтижесі бойынша қорытындыларды орналастырсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімі аппараты басшысының Ж. Т. Толқынбекке жүктелсін.

5. Аудан әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Целиноград ауданының әкімі                                                          Б.Оспанбеков

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2022 жылғы қызмет туралы есептерге ашық талқылауды өткізу туралы
Дата публикации
01 февраля 2023