ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ
Даут Дәулет Оралұлы 1996 жылғы 11 қазанда Көкшетау қаласында туған. 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірді.
2025 жылдың 24 ақпанынан бастап қызмет атқарады.
Лауазымдық нұсқаулықтар:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексiнiң талаптарын сақтау мәселелерi бойынша консультативтiк көмек көрсету, ұжымда жалпы қабылданған моральды-әдептiлiк нормаларына сәйкес келетiн өзара қатынастар мәдениетiн қалыптастыруға көмек көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызметшiлермен қызметтiк әдеп нормаларын бұзу фактiлерi бойынша өтiнiштерiн қарау. Мемлекеттiк қызметшiлермен қызметтiк әдеп нормаларының сақталуына мониторингтi және бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттiк қызметшiлермен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын заңнамаларын және Әдеп кодексiн сақтау мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзу. Қызметтiк әдеп нормалары бұзушылықтарының алдын алу мақсатында өзге де қызметтердi жүзеге асыру. Халықпен есеп беру кездесулерінде берілген аудан әкімінің тапсырмаларын орындау және аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру барысын бақылау.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол а., Наурыз көшесi, 34.
Телефон: 8 (71651) 30-373
E-mail: tzelinograd_kanz@aqmola.gov.kz
«Целиноград ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ әдеп жөнiндегi уәкiлi мемлекеттiк қызметшiлердi және басқа да азаматтарды қабылдауды әр айдың бірінші бейсенбiсінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейiн жүргiзедi.