ЖОБА
«Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 маусымдағы
№ А-3/213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» 2021 жылғы 29 маусымдағы № А-3/213 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23295 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 20-жолы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж. Т. Толқынбекке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы