ҚАУЛЫ Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ

Целиноград  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақмол а.                               № 40                      2022 ж. 29 желтоқсан

 

Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Целиноградс аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы  28 желтоқсандағы № 39 Целиноград аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бір мандатты аумақтық сайлау округтерінде 15 округтік сайлау комиссиясы құрылсын.

2. Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Целиноград мәслихатына жіберілсін.

3. Осы қаулы Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және "Вестник Акмола" және "Есіл Нұра" газеттерінде орналастырылсын.

4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Комиссия төрағасы                                              Ж.Аманжолова

 

Комиссия хатшысы                                                   Т.Алексеева

Дата публикации
30 декабря 2022