Ағымдағы 2020 жылдың I-ші жарты жылдығы шеңберіңде Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығының жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 37 іс-шара өткізілді.
- ҚР Президентінің 2020 жылды «Ерікті жылы» деп жариялауы шеңберінде Целиноград ауданының Ақмол ауылында қаңтар айының 1-ші жұлдызында вудан Әкімі М.Тәткеевтің және белсенді жастардың қатысумен «Ерікті жылының» салтанатты ресми ашылуы өтті;
- «Ерікті жылы» аясында Целиноград ауданының Қоянды ауылындық округінде қаңтар айында «Ниет» еріктілер қозғалысы ашылды. Қазіргі таңда еріктілер қозғалысына 60-тан астам адам мүше болып табылады. «Ниет» еріктілер қозғалысы ауылдың зейнеткерлеріне, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал тараптарға азық-түліктік көмек көрсетуде;
- Ағымдағы жылдың 11 ақпан айында Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Аудандық еріктілер форумы» өткізілді. Форумға аудан әкімі мен аудандық жас белсенділер мен еріктілер қатысты;
- 2020 жылдың қаңтар айында болған боранды күндерінде еріктілер Қабанбай батыр ауылы мен Рақымжан Қошқарбаев ауылы тас жолында қалып қойған азаматтарға көмек көрсетті, нақты алғанда: арнайы техниканы жіберіп, көліктен шығуға көмек көрсетіп, өз үйлеріне қонақ болуға шақырып, қолдау көрсеткен болатын;
- Сонымен қатар, Целиноград ауданы жастар ресурстық орталығы ұжымы, ерікті жастар мен жергілікті әкімшіліктердің мамандарымен бірігіп жалғызбасты қарттарға қыстың боранды күндерінде үй шаруашылығында көмек көрсетті;
- «Ардагерлерді ардақтайық» науқаны аясында Целиноград ауданы жастар ресустық орталығы ауданымыздың өркендеуіне өз ұлестерін қосқан қарияларға қонаққа барды;
- Ағымдағы жылдың 27-ші ақпан айында Целиноград ауданы Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевтың қатысумен өткен «Волонтерлер слетінде» ең белсенді аудан еріктілері «Алғыс хатын» иеленді.
- Коронавирус пандемиясы етек жайған уақытта Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығы әлеуметтік желілерде оқырмандарға арнап онлайн байқауларды өткізді. Байқаудың жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға (ұялы телефон, тұрмыс техникасы) иеленді;
- Сонымен қатар, ЖРО ұжымы мен аудан белсенділері пандемия уақытында қауіп қатарындағы тараптарға, яғни қарт адамдарға қажетті дәрі-дәрмектер мен азық-түлікті жеткізуге көмек көрсетті;
- ЖРО мамандары Ақмол ауылының тұрғындарына «Коронавирустан» сақтануға бағытталған санитарлық-медициналық ескертпелер таратты;
- «Наурыз мейрамы» мен «Отан қорғаушылар күнәне» арнап Целиноград ауданы ЖРО интернет байқаулар өткізді;
- 15 мамыр «Отбасы күніне» арнап Целиноград ауданы ЖРО ауданның әлеуметтік өміріне еңбегін сіңірген отбасы буындарына құттықтау сөздері мен сыйлықтар табыстау мақсатында қонаққа барды;
- Ағымдағы жылдың мамыр айында Талапкер ауылдық округінде Есіл өзені бойында және Шалқар ауылы Нұра өзені бойында «Біз біргеміз» науқаны аясында сенбіліктер өтті.