ЖОБА
Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 510, 531-баптарына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Автомобильдерге май құю станциялары, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген (арналған) жерлерді қоспағанда Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын.
- Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.