Президенттікке кандидатты қолдауға қол жинау қалай жүргізіледі
1. Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады
2. Президенттiкке кандидатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi қолдауға тиiс – кем дегенде 118 273 қол.
3. Қол жинауды сенiм бiлдiрiлген адамдар ұйымдастырады және қол қою парақтарымен ресiмдейдi.
4. Кандидаттың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы екі күн мерзімнен кешіктірмей қол қою парағының үлгiсiн бекiтедi және қажеттi мөлшерде береді.
5. Әрбiр қол қою парағының рет нөмiрi болуға тиiс және оған кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты мен оның сенiм бiлдiрген адамының жеке қолы, қол жинаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, қол жинау жүргiзiлген елдi мекеннiң атауы. Сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы мынадай мәлiметтер бар бағаналар енгiзiлуге тиiс: тегi, аты және әкесiнiң аты; жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен сериясы; туған күнi, айы мен жылы; тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерiнiң мекен-жайы; жеке қолы.
6. Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиiстi қол қоятын парақта жеке қолы қойылған кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс.
7. Толтырылған қол қою парақтары қол жинау жүргiзiлген өңірдің аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады.
8. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы 5 күн iшiнде паспорт қызметi қызметкерлерiн қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендiгiн тексерудi жүзеге асырады, тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.
9. Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру Президенттікке кандидатқа қажеттi дұрыс қойылған қолдар саны анықталғанға дейiн жүргізiледi (кемінде 118 273 қол).