Хабарлама Қоянды ауылы әкімінің қайта сайлауының қорытындысы

Хабарлама

 2022 жылғы 25 қыркүйекте Қоянды ауылы әкімінің қайта сайлауы өтті. Целиноград аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қоянды ауылы әкімін қайта сайлау қорытындыларын белгіледі: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3304 азамат енгізілді, олардың 703 – і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны – 14, "барлығына қарсы" деген жолдағы белгі- 4. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

                 Абуов Омар Сейтсултанович-          1

                 Арейхан Берденбек-                           6

                 Боранбаев Саят Қудайбергенович- 75

                 Канжил Шакирт-                                0

                 Муқатаев Дамир Сейтханович -      10

                 Солтанбай Бақытхан-                      308

                 Хабай Бердбек-                                   7

                 Хавджалел Хасамхан-                     278

Солтанбай Бақытхан Қоянды ауылының әкімі болып сайланды , 1980 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қоянды ауылында тұрады.

 

                                                Целиноград аудандық сайлау комиссиясы

Хабарлама Қоянды ауылы әкімінің қайта сайлауының қорытындысы
Дата публикации
27 сентября 2022