2022 жылғы 28 тамызда Қоянды ауылы әкімінің сайлауы өтті. Целиноград аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қоянды ауылы әкімін сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3212 азамат енгізілді, олардың 661 – і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны – 36, "барлығына қарсы" деген жолдағы белгі-0. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абуов Омар Сейтсултанович - 5
Арейхан Берденбек - 24
Боранбаев Саят Қудайбергенович - 97
Канжил Шакирт - 62
Муқатаев Дамир Сейтханович - 51
Солтанбай Бақытхан - 190
Хабай Бердбек - 43
Хавджалел Хасамхан - 153
Солтанбай Бақытхан Қоянды ауылының әкімі болып сайланды , 1980 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қоянды ауылында тұрады.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы